.RU

«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Дата07.04.2017өлшемі80.15 Kb.
Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі 
№ 189 бұйрығына     
3-қосымша   

    


«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 9) тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беруді:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде – 3 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана берілетіні туралы жолдама.      

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, қажет болған жағдайда басылып шығарылады, мөртаңбамен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгіну кезінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы жүгінгенде ұсынылатын құжаттар тізбесі:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жатақханада орын беру туралы өтініш;

2) ата-анасының біреуі немесе ата-аналары қайтыс болған жағдайда, әлде жетім балалар үйінен анықтама (бар болған жайғдайда);

3) оралман куәлiгiнің көшiрмесi (бар болған жайғдайда);

4) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін);

5) мүгедек екендігін растау туралы анықтама;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

порталға жүгінгендегі құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолы (әрі қарай – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түріндегі сұрау салуы;

2) ата-анасының біреуі немесе ата-аналары қайтыс болған жағдайда, әлде жетім балалар үйінен анықтама (бар болған жайғдайда), (мәліметтер сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);

3) оралман куәлiгiнің көшiрмесi (бар болған жайғдайда), (мәліметтер сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);

4) отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтаманың (көп балалы отбасының балалары үшін) электрондық көшірмесі;

5) мүгедек екендігін растау туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (бар болған жайғдайда), (мәліметтер сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);

Жеке тұлғаны растайтын құжат туралы, ата-анасының біреуі немесе ата-аналары қайтыс болғаны немесе балалар үйінен анықтама, оралман мәртебесі туралы, отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасының болуы немесе мүгедек екендігін растау туралы мәліметтер қызметті берушіге сәйкес мемлекеттік ақпарат жүйесінен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жеткізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды:

көрсетілетін қызметті берушіге өткізгенде – (қолма-қол) қағаз тасымалдағыштағы өтіншітің қабылданғанын құжаттар пакетін қабылдау күнін көрсете отырып, қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» құжаттар пакетінің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын тұлғаның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдаған растау болып табылады. Шағым хатта қызмет алушының аты–жөні, тегі және пошта мекен-жайы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алушының қолы қойылған өтініші болу керек.

Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады;

Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылып отыратын шағымы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) ала алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Жоғары оқу орындарындағы   


білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша           

Форма


Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана
берілетіні туралы жолдаманың нысаны

__________________________________________________________________


                        (ЖОО атауы және мекенжайы)

Азамат (-ша)___________________________________________________


                (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

№ ____ жатақханаға орналасуға жолдама.


Жатақхананың мекенжайы__________________________________________

     

Ректор ______________


                 (қолы)
      «___» _________ 20___ ж.
      М.П.

«Жоғары оқу орындарындағы   


білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша   

        

Форма


________________________________
________________________________
________________________________
/ЖОО басшысының толық аты-жөні/
(болған жағдайда)      
________________________________
/факультетінің/      
________________________________
/мамандығының/       
________________________________
/тобының, курс/студенті  
________________________________
/аты-жөні толық жазылсын/ 
(болған жағдайда)     
________________________________

ӨТІНІШ

Маған университет жатақханасынан бір орын бөліп беруіңізді сұранамын.


Келген   жерім
__________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      «____» ___________________ 20___ ж. _______________________


                                                 /қолы/

Достарыңызбен бөлісу:

zaklyuchenie-licenzionnoe-proizvodstvo-rossijskogosovetskogo-legkogo-strelkovogo-oruzhiya-za-rubezhom-problemi-bezlicenzionnogo.html
zaklyuchenie-literatura.html
zaklyuchenie-marina-yurevna-istoriya-istoricheskogo-znaniya-repina-lorina-petrovna-zvereva-vera-vladimirovna-paramonova.html
zaklyuchenie-menedzhment-organizacii.html
zaklyuchenie-metodicheskie-rekomendacii-k-vipolneniyu-vipusknih-kvalifikacionnih-rabot-dlya-studentov-pedagogicheskih.html
zaklyuchenie-metodicheskie-ukazaniya-k-diplomnomu-proektirovaniyu-dlya-studentov-ochnoj-i-zaochnoj-form-obucheniya-specialnosti.html
  • literatura.bystrickaya.ru/relyativistskoe-sokrashenie-dlini-i-gravitacionnie-volni-sverhsvetovaya-skorost-rasprostraneniya.html
  • esse.bystrickaya.ru/programma-preddiplomnoj-praktiki-po-specialnosti-030501-yurisprudenciya-specializacii.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razdel-02-opusknie-kolodci-svajnie-raboti-opusknie-kolodci-zakreplenie-gruntov-kniga-1-utverzhdeni-i-vvedeni.html
  • school.bystrickaya.ru/gigiena-okruzhayushej-i-proizvodstvennoj-sredi-annotacii-statej.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/redaktor-m-f-nosova-aron-r-a-8-4-etapi-razvitiya-sociologicheskoj-misliobsh-red-i-predisl-p-s-gurevicha-stranica-19.html
  • nauka.bystrickaya.ru/urok-praktikum-po-russkomu-yaziku-6-klass-tema-imya-prilagatelnoe-itogovoe-povtorenie.html
  • reading.bystrickaya.ru/konkursnaya-dokumentaciya-po-provedeniyu-otkritogo-konkursa-na-pravo-zaklyucheniya-kontrakta-na-okazanie-uslug-po-auditu-godovoj-buhgalterskoj-finansovoj-otchetnosti-naimenovanie-unitarnogo-predpriyatiya-za-god-godi.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zatrati-ufimskih-predpriyatij-na-innovacii-v-2011-g-previsili-4-7-mlrd-rublej.html
  • write.bystrickaya.ru/godi-ne-zhdut-gazeta-anastasiya-novikova-12112008-215-str-4-pervij-kanal-drugie-novosti-11-11-2008.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/upravlenie-kachestvom-pedagogicheskogo-vzaimodejstviya-shkoli-i-semi-13-00-01-obshaya-pedagogika-istoriya-pedagogiki-i-obrazovaniya-avtoreferat-dissertacii-na-soiskanie-uchenoj-stepeni-stranica-3.html
  • occupation.bystrickaya.ru/novosibirskij-filial.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/respubliki-bashkortostan.html
  • credit.bystrickaya.ru/peredovie-tendencii-v-tehnologiyah-i-vidah-tekstilnoj-produkcii.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/5-postanovlenie-federalnogo-arbitrazhnogo-suda-volgo-vyatskogo-okruga-ot-9-oktyabrya-2000-g-a28-120100-6722.html
  • institute.bystrickaya.ru/etu-knigu-ya-posvyashayu-moim-roditelyam-sinelnikovim-vladimiru-ivanovichu-i-valentine-emelyanovne-i-roditelyam-moej-zheni-korbakovim-anatoliyu-alekseevichu-i-lidi.html
  • writing.bystrickaya.ru/b4-fizicheskaya-kultura-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-visshego-professionalnogo-obrazovaniya-napravlenie.html
  • uchit.bystrickaya.ru/svetloj-pamyati-vasiliya-nikolaevicha-skalona-stranica-13.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-zanyatij-uchebnoe-posobie-mogut-ispolzovat-v-samostoyatelnoj-rabote-nad-soboj-vse-te-kto-professionalno.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/materiali-dlya-podgotovki-k-zachetu-po-biologii-1-otvette-na-voprosi-i-vipolnite-zadaniya.html
  • lecture.bystrickaya.ru/43otkritie-elektroprovodki-uchebnoe-posobie-gomel-2006-soderzhanie-1-obshie-svedeniya-5-1-trehfaznaya-sistema-elektrosnabzheniya.html
  • studies.bystrickaya.ru/chast-etogo-fenomena-skonstruirovav-dlya-nego-to-est-dlya-german-gesse-stepnoj-volk.html
  • spur.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-dlya-samodeyatelnih-teatralnih-kollektivov.html
  • lecture.bystrickaya.ru/45-puskonaladochnie-raboti-instrukciya-po-zashite-gorodskih-podzemnih-truboprovodov-ot-korrozii-rd-153-39-4-091-01.html
  • holiday.bystrickaya.ru/obhvata-na-proverkata-doklad-otnosno.html
  • predmet.bystrickaya.ru/spb-gu-centralizovannaya-bibliotechnaya-sistema-kolpinskogo-administrativnogo-rajona-sankt-peterburga-stranica-9.html
  • school.bystrickaya.ru/darsi-rezak.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/reshetnikov-oleg-viktorovich-kpd-docent-kafedri-molodezhnoj-politiki-i-yuvinologii-akademicheskogo-instituta-socialnogo-sluzheniya-rossijskogo-gosudarstvennogo-socialnogo-universiteta.html
  • writing.bystrickaya.ru/1-vvodnoe-zanyatie-proekt-uchebnoj-programmi-sekcii-zhurnalistiki-man-sostavitel-afanaseva-s-i-metodist-otdela.html
  • bystrickaya.ru/xiv-glava-stranica-37.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/etapi-razrabotki-programmnogo-produkta.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/pozicii-ssha-i-es-otnositelno-resheniya-krizisnih-situacij-na-blizhnem-vostoke-sotrudnichestvo-i-raznoglasiya-anna-shelest-polina-sinovec.html
  • credit.bystrickaya.ru/ochnaya-forma-obucheniya-na-baze-spo-2006-gn-rabochaya-programma-disciplina-informacionnaya-bezopasnost-naimenovanie.html
  • tasks.bystrickaya.ru/37-informaciya-o-perechne-problem-reshenie-kotorih-predpolagalos-osushestvit-posredstvom-realizacii-respublikanskih-vedomstvennih-celevih-programm-razrabativaemih-v-2010-godu.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru
  • knigi.bystrickaya.ru/specialnost-130402-markshejderskoe-delo-podzemnaya-razrabotka-mestorozhdenij-poleznih-iskopaemih.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.